MENUMENU
MENUMENU

image001

Біздің мектепте де №А мектеп-гимназиясында мектепалды даярлық сынып балалары сюжетті-рөлді ойындар арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, достасып қалды. Балалар «Емхана» ойын арқылы сыныптың тазалығын тексереді. «Шаш-тараз» ойынында қыздар шашты өріп, әр түрлі сәндейді. \

Сюжетті-рөлді ойын. Оның балалар өміріндегі маңызы қандай?image002

Қазіргі уақытта сюжетті-рөлдік ойындардың түрлері басылым беттерінде көптеп кездеседі. Мысалы, «Ана мен бала» ойыны: үш жастан кейін балалар ана мен бала ойынына қызығушылық таныта бастайды. Әрине, оның формуласы қалыптаспаған. Ұл балаларға «қыз балалармен бірге ойнау ер балалардың ісі емес» деп айтуға болмайды. Бұл ойын балалардың отбасындағы рөлдерге енуіне көмектеседі. Мұнда бала ойынды жалғыз өзі немесе достарымен ойнау маңызды емес. Мысалы, ас әзірлеу, ауыл сыртына саяхатқа шығу. Осыған байланысты ойыншық ыдыстарды, сөмкелерді, машиналарды дайындау керек. Ойын үстінде бала еңбектенеді, қыз балалармен тіл табысады.

Сонымен қатар «Емхана», «Дүкен», «Жүргізуші», «Редакция», «Құтқару қызметі», «Шаш-тараз», «Аспаз», «Отбасы», «Сән үйі», «Мектеп», «Пошта», «Дәмхана», «Құрылысшылар», «Есепші», «Дәрігер», т.б сюжетті-рөлді ойындар көптеп кездеседі. Міне, ойын барысында балалар өзін-өзі тануды үйренеді.image003

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықтықамтамасыз етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.