Лауазымды тұлғаларға арналған балаларға жасалған зорлық-зомбылық фактілерін анықтау барысындағы іс-қимылдар туралы ұсынымдар
Лауазымды тұлғаларға арналған балаларға жасалған зорлық-зомбылық фактілерін анықтау барысындағы іс-қимылдар туралы ұсынымдар
Бала мен отбасымен жұмыс істеудің әр сатысында күттірмейтін іс-қимылдардың қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл іс-әрекеттердің мақсаты баланың қауіпсіздігін тез арада қамтамасыз ету қажет.
Зорлық-зомбылық фактісі туралы күдіктенуге негіздеме:
- баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын не болмаса баланың қатігез-қарым-қатынастың құрбаны болғанын көрсететін ерекше белгілер (әрбір белгі, кесу, күйік, көгерген жер, энурез, ауру, ескірген және тозығы жеткен киім, зақым, жарақат, болуы мүмкін зорлық-зомбылыққа байланысты мінез-құлықтағы өзгерістер);
- балаға қатысты зорлық-зомбылықтың жасалғанына куә болған немесе хабардар болған тұлғадан өтініш;
- белгілер, зақым немесе қиянат туралы айғақтайтын мінез-құлық немесе мазасыздануға себеп болатын дәлелдер;
- баланың тарапынан балаға қатысты жасалған зорлық-зомбылық: баланың басқа балаға қатігез қарым-қатынасы не болмаса өзі басқа баланың тарапынан қиянатшылық құрбаны болады.
Егер бала өмір мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайда болса полиция шақыру қажет (102-ге қоңырау шалу керек).
Егер балаға медициналық көмек қажет болса, жедел жәрдем (103-ке қоңырау шалу) шақыру керек немесе баламен жақын жердегі ауруханаға бару ләзім, одан әрі құқық қорғау органдары мен қамқоршылық пен қорғаншылық органдарына хабарлау қажет.
Егер сізде баланың қатігез қарым-қатынастың құрбаны екені туралы негізделген болжамдар бар болса, қандай әрекет жасау керек.
Балаларға отбасыда немесе қоғамдық орындарда, танымайтын адамдардан гөрі баланы танитын адамдар зиян жасауы мүмкін.
Күш көрсетудің белгілері: соққы іздері, лақтыру, улау, күйік іздері, суға кетіру, тұншықтыру немесе балаға күш көрсетуге әкеп соқтыратын өзге іс-қимылдар.
Эмоциялық күш көрсету – баланың эмоциялық дамуына ұзаққа созылған зиянды ықпал тудыратын жүйелі эмоционалдық қатігез қарым-қатынас. Бұл балаға «оны ешкім жақсы көрмейді, немесе ол тек белгілі мақсат үшін керек екендігін» сендіру болып табылады. Бұндай күш көрсетудің түрінде балаға шамадан артық немесе баланың жасына сәйкес емес үміт арту. Сондай-ақ баланы қорқытып тастау жатады. Қатігез қарым-қатынастың барлық түріне эмоциялық күш көрсетудің белгілі дәрежесі жатады, алайда бұл күш көрсетудің түрі өздігінен болуы мүмкін.
Сексуалдық күш көрсету – баланың не болып жатқанын сезіну немесе сезінбеуіне қарамастан, баланы сексуалдық сипаттағы әрекеттерге қатыстыруға мәжбүрлеу немесе алдап әкелу. Аталған іс-әрекеттерге физикалық қатынас жатады, соның ішінде зорлау және басқа да әрекеттер. Соңғыларға баланы порнография көруге тарту, сонымен бірге балаларды сексуалды мінез-құлық танытуға мәжбүрлеу жатады.
Кемсіту – баланың денсаулығы мен дамуына айтарлықтай зиян келтіретін, баланың негізгі физикалық және/немесе психологиялық қажеттіліктерін жүйелі түрде қанағаттандырмау. Бұған баланы дұрыс тамақтандыру, үймен немесе киіммен қамтамасыз ету қабілетсіздігі, баланы физикалық зияннан немесе қауіптен қорғау қабілетсіздігі немесе баланың негізгі эмоциялық қажеттіліктерін елемеу жатады.
Білім беретін, медициналық мекемелердің жауапты тұлғалар, отбасыларды аралайтын қызметкерлер балалардың өз отбасының, сондай-ақ сырттан ұшырайтын тәуекелдер туралы білуге тиіс.
Баланың отбасы мүшелерімен қатігез қарым-қатынас туралы күдіктер жөнінде ашық сөйлесу ең жақсы тәжірибе болып табылады. Алайда мына жағдайларды ата-анамен талқылауға БОЛМАЙДЫ:
- сексуалдық зорлық туралы күдік;
- көп болып және жоспарланған (ұйымдастырылған) зорлық-зомбылық;
- егер ата-анаға хабарланса баланың өзіне немесе қызметкерге/басқа адамдарға зиян келуі мүмкін.
Егер бала Сізге қатігез қарым-қатынас туралы мәселемен жүгінсе:
Балалар машинада немесе автобуста, көшеде, мектепте және т.б. жерде, өзінің үйінде зәбір көргені туралы айтуы мүмкін. Бұл әңгіме қай жерде болса да, мына ережелерді басшылыққа алу керек:
Егер бала зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы айтса….
- МЫНАНЫ ЖАСАУ КЕРЕК:
1.1 Балаға көңіл және уақыт бөліңіз.
1.2 Балаға өз сөзімен айтуға мүмкіндік беріңіз, маңызды оқиғаларды еске түсіргенде баланы тоқтатпаңыз.
1.3 Уақытты, оқиға болған жерін, қатысқан адамдарды, баланың бейнесі және оның айтқан сөздерін жазып ала отырып, алған егжей-тегжейлі ақпарды жазып алу.
1.4 Бұл ақпаратты тастамаңыз, себебі кейіннен оны іске тіркеу мүмкін.
1.5 Оған байсалдылықпен қараңыз және оны тыңдайтыңыз туралы айтыңыз.
1.6 Шындықты, сабырлылықты және бейтараптықты сақтаңыз.
1.7 Сізге бәрін айтап берген баланың батылдығын бағалаңыз.
1.8 Оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындығына сендіріңіз.
1.9 Болған оқиғада оның кінәсі жоқ екенін, бұл оқиғада жәбірлеушінің кінәлі екенін айту керек.
1.10 Жеке көзқарасқа қатысты шыншыл болу: осы туралы кімге және неліктен хабарлау керектігін түсіндіру керек.
1.11 Балаға алда не болатынын толықтай хабарлау керек.
- НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:
2.1 Сіз орындай алмайтын уәде бермеу керек (мысалы, ешкімге айтпайтынын айтуға болмайды)!
2.2 Балаға көптеген сұрақтар қоюға болмайды. Тергеу жүргізу – сөздің міндетіңіз емес.
2.3 Не болғаны туралы болжам жасауға болмайды.
2.4 Күдіктімен байланысқа түсуге немесе арыз туралы хабарлауға болмайды.
2.5 Болған оқиға туралы жауаптылықты сезінуге мәжбүрлейтін сөз айтпау керек.
2.6 Ашу сияқты сезімдерге бой алдырмау керек.
2.7 Күдікті қылмыскер туралы жағымсыз ой мен пайымдауларды білдірмеу.
2.8 Үрей туғызбау.
2.9 Жағдай анықталғанға дейін кімге болса да баланы айтқан сөзін қайта айтуды сұрамаңыз.
Егер сіз баламен жұмыс істесеңіз және онда көгерген жерлері, жарақаттары пайда болғанын көрсеңіз, баладан олардың пайда болуын сұрау керек. Бала мен әлеуметтік қызметкердің/психологтың әңгімесі оңашада өтуі тиіс.
Егер әңгімелесу баланың отбасысында өтетін болса, қызметкер баланың ата-анасынан оңашада әңгімелесуге рұқсатын сұрайды. Егер ата-анасы қарсы болса, мектепте кездесу ұйымдастыруға рұқсат сұрайды.
- Егер баламен оңашада сөйлесуге мүмкіндік болмаса, ал ақпарат қатігез қарым-қатынас фактілерін қамтыса, мынаны істеу қажет:
- Үрей тудыратын фактілер мен жағдайларды құжаттандыру
- Баланың құқығын қорғау жөніндегі мамандарға хабарлау және үрейлі белгілерін талқылау
- Оқиғаны комиссияда қарауды бастамашылық ету.
Ақпарат. Балаға зорлық көрсетілгендігіне күдіктенген жағдайда және жәбірленушімен алғашқы рет қарым-қатынас жасау кезінде, асығыс қорытынды шығармай, келесі іс-қимыл жасау қажет:
Біріншіден, баланың өміріне тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда болжамдардың шынайылығын тез арада және мұқият тексеру қажет. ол үшін баланың өзімен, оның ағаларымен, әпкелерімен және достармен, көршілермен, ата-аналармен (қамқоршылармен, жақын туыстармен) сұхбаттар жүргізіледі, кәмелетке толмағанның сыртқы түріне және мінез-құлқына назар аударылады, кәмелетке толмағанның үйдегі тұру жағдайларымен танысу жүргізіледі. Алынған мәліметтер арнайы күнделікке енгізіледі.
Екіншіден, психолог маманның көмегіне жүгіну, айыптылар, ата-аналар немесе білім беру (емхананың, сондай-ақ басқа мекеменің) қызметкерлері ішкі жағдайды сыртқа жаюды қаламағандықтан, олар болған жайды мойындамау мүмкін. Әлеуметтік педагогтың қабылдаған іс-қимылдары зорлық фактісін растауға немесе терістеуге әкеп соғуы мүмкін.
Егер қатігез қарым-қатынас фактісі расталған болса және бала байланысқа түссе, онда зорлық құрбанымен әңгімелесудің басты мақсаты – бұл баланы қолдау, баланы тыңдау және бәрін айтуға мүмкіндік беру. Сұрақтар қоюға болмайды, болған оқиға туралы өз сөзімен айтуға кедергі болуға болмайды. Ересек адам баланың көмекке жүгінгендігін дұрыс жасағанын көрсету тиіс.
Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық немесе қатігез қарым-қатынас жасау оқиғасымен жұмыс істеу алгоритмі
- Оқиғаны анықтау және хабарлау, хабарламаны тіркеу.
Заңнамаға сәйкес әрбір азамат (мекеме маманы, ата-анасы, көршілер немесе қоғам) балаға зорлық көрсетілгені туралы күдікті және оқиғаны хабарлау қажет. зорлық оқиғасы туралы хабарды баланың өзі де хабарлауы мүмкін, егер зорлық оған немесе басқа балаларға қатысты жасалған болса. Хабарлама телефон, пошта арқылы берілуі мүмкін немесе өтініш нысанында тікелей ресімделуі мүмкін.
Хабарламаны әрбір орган немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығын және құқық бұзушылықтарын алдын алу жүйесінің мекемесі қабылдау тиіс, одан әрі тіркеу үшін ІІБ-ге жолдану тиіс.
- Баланы қауіпсіз ортаға орналастыру.
Отбасыдан (мекемеден) баланы қайтарып алуды қорғаншылық пен қамқоршылық органдары жүзеге асырады.
Егер бала қиын жағдайда және медициналық көмекке мұқтаж болса, оның денсаулығын қалпына келтіру мақсатында медиицнналық стационарға орналастырылады. Егер бала физикалық тұрғыдан зиян шекпесе, алайда психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж болса, оны әлеуметтік қорғау мекемесіне орналастырады, бұл жағдайда психологиялық денсаулықты қалпына келтіру және әлеуметтік оңалтуға көңіл бөлінеді.
- Оқиғаны тексеріп тергеу
- Көмек шараларын анықтау
Оқиғаның түріне, жәбірленген баланың ерекшеліктеріне, оның отбасы мен әлеуметтік ортасына байланысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысында жеке кешенді бағдарламасы әзірленеді.
- Жеке кешенді бағдарламасы негізінде балаға және оның отбасына тікелей (медициналық, психологиялық, педагогикалық, заңды және әлеуметтік) көмекті алдын алу субъектілерінің мамандары көрсетеді.
- Баланы және оның отбасын қолдау.
Балаға қатігез қарым-қатынас жасау фактісі тіркелген отбасы есепке қойылады. Алдын алу субъектілері тарапынан отбасыны қадағалау баланың зорлығы мен қатігез қарым-қатынасқа әкеп соқтырған себептері мен жағдайларын жойғанға дейін жалғастырылады.
Қостанай облысы ІІД ЖПҚ
Leave a Reply