«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»
2017 жылдың, 9 ақпан күні сертификатталған мұғалімдердің ұйымдастыруымен мектепішілік семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды енгізу үдерісін басқаруда және жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізуде қолдау көрсету.Семинардың теориялық бөлімінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізудіңнормативтік-құқықтық және нұсқаулы-әдіснамалық құжаттарды түсініп қолдануларына аса назар аударылды. 1-ші сынып мұғалімдері Жаканова М.С. өз сыныбында «Математика пәні сабақтарында қалыптастырушы бағалау жұмыстарын ұйымдастыру формаларын» бейне жазба арқылы көрсетті. Досмағамбетова Б.М. «Жиынтық бағалауды»тиімді ұйымдастыру, электронды журнал, модерация үдерісін ұйымдастыру және өткізуге аса назар аударса, СкачковаС.А. «Оқушы портфолиосына қойылатын талаптар» бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардыңтәжірибелік кезеңіндеКокухина В.А.ұйымдастыруымен қатысушылардың қысқа мерзімді жоспардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу мақсатына сай қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастырып постер қорғады.
Семинар соңында Искакова Ж.Ж.рефлексия жүргізілді. Оның нәтижесінде критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісіне тиімді енгізу мақсатында қатысушыларға әрі қарай қолдау көрсету қажеттілігі айқындалды.
Пікір үстеу