MENUMENU
MENUMENU

Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Құрметті ата-аналар!  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен төтенше жағдай кезінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары (бұдан әріҚағидалар) бекітілгенін хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 21-тармағына сәйкес азық-түлік және тұрмыстық жиынтығы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі, оның ішінде көп балалы отбасылардың балаларына беріледі.

Осы қызметті алу үшін «Электрондық үкімет» (ероу.кг) веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беріп, растау құжаттарын қоса отырып Қағидалар қосымшаларына сәйкес әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған электрондық өтінішті толтыру қажет.

Қосымша: Қағидалар 7 парақ. https://www.school5a.kz/wp-content/uploads/2020/04/каз-1.docx