“Бір шаңырақ астында”
Қостанай қаласының № 5 «А» мектеп-гимназиясында 2018 жылдың 22 — ші қыркүйегінде Тілдер күніне орай “Бір шаңырақ астында” атты екі аусымды салтанатты жиын өтті.
Мерекені ұйымдастырушылар: қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі мұғалімдері.
Мерекеге қатысушылар : 1-4 сынып оқушылары.
Мерекелік ертеңгілікті өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі — Хасенова Мадина Маратовна және орыс тілі мұғалімі — Досмаилова Амина Бисенбаевна
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті, парызы болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Тіл жөнінде Ғабит Мүсірепов былай деп айтқан: «Тілін білмеген – түбін білмейді» — деп,
Мерекеде мерекелік ертеңгілік өтті және үлкен қоңырауларда үш тілдегі музыкалық сергіту сәттері өткізілді.
Мерекелік ертеңгілікке үлкен, көңілді піл қуыршағы келіп, балалармен қызықты жұмбақтарымен бөлісті.
Оқушылар тілге байланысты үштілде ( қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) тақпақтарын айтты.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
«Мақалды жалғастыр» атты кезеңінде оқушылар өздерінің «тіл» жайында қандай мақал – мәтел білетіндерін айтып (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) өз ойларымен бөлісті. «Тіл тас жарады, Тас жармаса — ….», Ең тәтті де — тіл, ең ащы да — …., Тіл – алтын …. .
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – тарихымызды ұмыту» — деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік!