MENUMENU
MENUMENU

Тілдер күні

2021 жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл болды. Әр айдың соңғы сәрсенбісіндегі мектепішілік іс – шара да осы «Тәуелсіздік мерекесі тақырыбында ұйымдастырылды. Бұл іс – шарада мерейлі тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай мектебіміздің білім алушылары жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыған болатын,сонымен қатар әр сынып «Тәуелсіздік – ел ұраны» әнің шырқап әннен шашу шашты. Мәнерлеп оқу бірінші сыныптар мен төртінші сыныптар аралығында (әр сыныптан 2-3 оқушыдан қатысты) өткізілген болса, «Тәуелсіздік – ел ұраны» әні екінші- үшінші сыныптар аралығында шырқалған болатын. Мәнерлеп оқуға қатысқан ең кішкентай 1- сынып оқушыларын атап өтер болсақ Ким Луина, Тахирова Самира, Ерболат Нұрай, Дидух Захар, Сейткужина Самина,Тахирова Самира, Бекмухамбетова Амели, Кушугулов Арсен, Кенебаева Азалия. Қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып,еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болып, туымыз тек қана биіктен көрініп ашық аспанымызда желбірей берсін дейміз!