MENUMENU
MENUMENU

Латын әліпбиі-қазақтың болашаққа жасаған үлкен қадамы

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№5 «А» мектеп–гимназиясының ММ
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Оспанова Сабира Мукашқызы

ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан болатын.

«Латын әліпбиі-қазақтың болашаққа жасаған үлкен қадамы»

Біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдардың басынан бері қоғамда латын әліпбиі туралы мәселе кеңінен талқыланып келді.

Қазіргі таңда еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең маңызды да өзекті тақырыптардың бірі –әліпбиіміздің өзгеруі,бұрынғы кириллицадан латын қаріпіне көшу өзекті мәселе деп білемін.

Әрине қоғамда бүгінгі таңда осы әліпбиімізді ауыстыру туралы түрлі пікірлер айтылуда.Бірі қолдап алға тартса,енді басқалары асығыс іс жасамайық деп артқа тартады.Негізінен халықтың  көпшілігі қолдап отыр.Өйткені жастардың көбісі ағылшын тілін жақсы меңгерген,ал латын әріпі соған ұқсас болғандықтан қиындық тудырмайды.Осы латын әліпбиіне көшетін болсақ,кешегі, бүгінгі  рухани байлықтарымызды түгелдей сауатты қалпында аударып алсақ кейінгі өскелен ұрпағымызды заманға сай лайықтап, бейімдеп, ары қарай дамуына ықпал етуіміз қажет.  

Менің өз көзқарасым латын әліпбиін жақсы қолдаймын,бұдан 3 жыл бұрын Ұзынкөл ауданының Федоров ауылында «Тіл үйренушілерге» осы латын әліпбиінің қаріптерімен таныстырып дәріс берген болатынмын.

Сол өңірдің тұрғындарының  жұмыстан соң белсенділік танытқаны,ересек адамдардың сабаққа деген қызығушылықтарына дән риза болдым.Осындай іс-шаралар мектептерде ,балабақшаларда,жалпы оқу үрдісінде латын әріпін үйрететін пән енгізу қажет деп ойлаймын.

Дегенмен бір қуантарлық жаңалық латын әліпбиіне көшу арқылы біз қазақ елің барлық әлемге танымал етудің бір түрі.

Сондай –ақ, Н.Ә. Назарбаев латын әліпбиіне көшуге 26 қазанда келісті. Біздің елімізде осы күн тарихта ерекше күн болып аталады.