MENUMENU
MENUMENU

Балаларды 1 сыныпқа қабылдау.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 2019 жылдың 3 маусымынан орыс және қазақ тілінде оқытылатын (01.09.2019 жылына толық 6,7 жас) балаларды
1 сыныпқа тіркеу жүргізіледі.

Мектеп-гимназиясының 1 сыныбына қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Ол үшін «SAKURA: электронды мектеп» ЭЖ пайдалану қажет.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 1 маусымынан 29 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Электронды өтінішті беру үшін:
1) Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының біреуінің (немесе өзге заңды өкілдерінің) байланыс деректерін толтыру.
2) Ата-ана мен бала туралы мәліметтерді келесі құжаттардың электрондық көшірмесін қоса бере отырып толтыру:

  • дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды (денсаулық паспорты негізінде тіркелген орны бойынша емханада беріледі – Ф-026/у-3)
  • көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;
  • педагог-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар
    болса).
    3) Тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепті таңдау.
    4) Қабылданған нәтижесі туралы хабарламаны алу үшін сізге: SMS, Е-mail, арқылы және т.б. түрін көрсету керек.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 күн ішінде құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу қажет.

МЕКТЕПКЕ ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН КЕЗДЕ БАЛАНЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНАДЫ:

  1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш (құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде жазылады) (сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс)
  2. Дәрігерлік кәсіби кеңес беру қорытындысы Ф-026/у
  3. Алдын ала егу картасы Ф-063/у
  4. 3х4 см көлеміндегі фотосурет 2 дана

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ :
9.00-ден 17.30-ге дейін
(сағат 13.00-14.30 дейін түскі үзіліс)
(дүйсенбі – жұма)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту негіздері:

 1) жоғарыда аталған құжаттардың толық емес жиынтығын беру;

2) құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілердің (мәліметтердің) анықталуы;
3) осы білім беру ұйымында мәлімделген білім деңгейінің сәйкес келмеуі немесе болмауы;
4) мемлекеттік қызметті алушының оқу көрсеткіштерінің таңдалған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі;
5) осы білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұрудың сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартынан көшірме
«Бастауыш, негізгі және жалпы орта білімдерінің жалпы білім беру
бағдарламасы бойынша білім беру үшін, даралық бағынушылықтан дербес білім беру ұйымдары мен мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау және енгізу»
2015 жылдың 8 сәуірінен №179 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің №179 бұйрығымен бекітілген. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуіріндегі №179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулыр енгізу туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 28 қаңтарындағы №28 бұйрығы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.